Жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға баса мән беру. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне осындай тапсырма жүктеді. Асхат Жұмағали мемлекет басшысына еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, биыл бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыныс енгізілген.