Қазақстандықтар кезекті рекордпен КинЭС кітабына енді, Бұл жолы ең үлкен көлемде бауырсақ дайындалды. Қостанай өңіріндегі ауыл тұрғындары 2339 келі 650 грамм болатын ұлттық тағамды пісірді. Бұл жетістікті Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі тіркеді. Айта кету крек, бұған дейін ас атасын әзірлеуге қатысты орнатылған рекорд та осы Қамысты елді-мекенінінің тұрғындарына тиесілі. Ауылдың орталық алаңында киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылды, көптеген ошақтар мен қазандар қойылды. Қатысушылар бір жүйеде келісе әрекет етті. Біреулер қамыр илесе, басқалар кесіп, үшіншілері оны пісірді, соңғылары бауырсақтың санын мұқият есептеді.
Валентина Корниенко, рекордқа қатысушы:
- Осындай шаралардың аудан деңгейінде ұйымдастырылуы өте құптарлық жағдай. Бәріміз
жиналып, осындай игі шараларға қатысуды қалаймыз. Ауылымызбен түгел бас қосып, көңіл
көтердік. Ортақ мүддеге ұя білдік. Керемет қой. Бәріміз бірігіп туған ауданымыздың
намысын аброймен қорғадық.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары жаңартқан алғашқы рекорды былтыр
Қазақстанның ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығына енді. Ол кезде бірлігі
жарасқан елдімекендіктер қардан 2300 аққала қалаған.
Қуандық Құдайбергенов, Қазақстанның Рекордтар кітабының ресми өкілі:
- Бүгін Қазақстанның ғана емес, әлемдік рекорд та орнатылды. Өйткені, Қазақстанда алғаш рет ең көп көлемде қардан аққала жасалды. Сондықтан, бұл еліміздің ғана емес әлемдік деңгейдегі жетістік. Себебі 2018 жылы тіркелген Харбиннің рекорды жаңарды. Сол жылы олар 2018 аққала қалаған болатын.
Жеңіс Ермұқанов