«Ғылым қоры» ғылыми
жобалардың нәтижесін коммерциаландыру бойынша ең әлеуеті жобаларды
қаржыландыруға жаңа грант конкурсын жариялайды. Өтініштерді қабылдау 19
желтоқсанда басталады. Байқауға алдағы екі жылда жалпы көлемі 22 млрд теңге қарастырылмақ. Бір
жобаға шамамен 350 млн теңгеге дейін грант берілетінін айта кеткен жөн. Бүгінде
ғылым қоры барлығы 218 жобамен айналысып жатыр. Оның көпшілігі белсенді жұмысқа
кіріскен. 16 төл өнімін тіпті шетелге де экспорттап жатыр. Өндіріс жолына
қойылған жобалардың жалпы сатылымы 34
млрд теңгеден асты.
Юлия Вяткина, «Ғылым
қоры» АҚ инвестициялар және жаңа жобалар департаменті директорының м.а:
- Негізінен,
қызығушылық танытқандар арасында ТМД елдері, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері
бар. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, түйе сүтінен саумал
дайындау деген секілді жобалар бар. Бір төбе болып, жақсы жетістікке жеткен
қазақстандық тауарлар жеткілікті. Олардың сатылымдары 1 млрд теңгеден асқан.
Мәселен, «PC4U» деген жоба. Оған сәйкес, асқан сезімтал компьютерлер өндірісі.
Оны негізінен күштік құрылымдар сатып алуда. Тағы бір ерекше жоба – азық-түлік
қауыпсіздігін қамтамасыз ету үшін, тауарларға арналған ПТР-диагностика жасау
жүйесі.
Айта кетсек, ғылым
қорының мәліметінше, қаржыландырылып, қолдау тапқан және экономиканың дамуына
өз үлесін қосып жатқан жобалардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы, химиялық,
медициналық салалардағы жаңа бастамалар. Сонымен қатар, геологиялық барлау,
туризм, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы жобаларға да көмек
көрсетілді.
Юлия Вяткина,
«Ғылым қоры» АҚ инвестициялар және жаңа жобалар департаменті директорының м.а.:
- Қазақстандық ғалымдардың
әлеуеті зор. Олай деуіміздің себебі – жылдан-жылға коммерциялық пайда тауып
жатқан жобалардың артуы. Қазір, бізде Брайль жаттықтырғышын жасау бойынша
жобамыз АҚШ пен Сингапурда сатылымда. Жобалар түрлі салаларда жасалуда.
Әлбетте, кейбір кедергілер болғанымен, «Ғылым қоры» оларды шешуге көмектеседі.
Біз грант алған ғалымдардың қаражатты дұрыс жұмсауын бақылап қана қоймай,
қазақстандық экспорттың шетелде сұранысқа ие болуына жан-жақты көмектесеміз.
Бұл үшін «Қазақэкспорт», «Казтрейд» секілді әріптестерімізбен және Халықаралық
ұйымдармен тығыз байланыс орната отыра экспортқа деген кедергілерді жоюға
тырысамыз.