Мемлекеттік
кеңесші Батыс Қазақстан облысында аймақ
басшылары, қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесу аясында
Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, Ұлттық құрылтайдың білім беру,
ғылым және мәдениет салаларындағы жалпыұлттық жобалары жайында пікір алмасты. Ал,
облыстың білім беру саласы өкілдерімен кездесуде биыл
жаңа оқу жылында енгізілген «Біртұтас тәрбие» атты жаңа бағдарлама әңгіме өзегіне айналды. Өңірлердегі мұндай кездесулердің
мақсаты – жұртшылықпен диалогты нығайту және Ұлттық құрылтайдың қызметі аясында
жаңа бастамалар мен ұсыныстар әзірлеу.