Президент
Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы
Роберт Фридландты қабылдады. Қасым-Жомарт
Тоқаевқа
Шу-Сарысу мыс бассейнінде геологиялық барлау жұмыстарының басталғаны жөнінде
мәлімет берілді. Компания аталған учаскедегі қазба
байлықтарын зерттеуге 18,7 миллион доллар бөлді. Инвестиция
көлемі 4 жылда 115 миллионға дейін
ұлғаяды. Роберт Фридланд жобаны жүзеге асыруда
озық аэрогеофизикалық технологиялар мен мәліметтердің цифрлық талдауын
пайдалану жоспарланып отырғанын айтты. Кездесуде
кен игеру және металл өңдеу саласындағы
ынтымақтастық келешегі талқыланды.

