Шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Келген қонақтар 3D форматындағы инновациялық бейнеинсталляциялардың көмегімен еліміздің әсем табиғатын тамашалай алды. Отандық әртістер дәстүрлі әндермен қатар, заманауи композицияларды да орындады. Кештің көркін Қазақстан дизайнерлері ұсынған фэшн-шоу аша түсті.
Қарлығаш Кәріпова, ұйымдастырушы:
- Біз тек киім үлгілері мен дизайнерлерді таныстырып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанның табиғатын, отандық суретшілердің жұмыстарын және өнер адамдарын көрсеттік. Қонақтар қатты риза болды. «Осындай іс-шаралар көп болса екен» деген ниеттерін білдірді.
Ян Штайнхарт, көрермен:
- Өте әдемі кеш болды. Музыка, арнайы эффектілер мен сән көрсетілімі, түрлі оқиғаға толы бағдарлама. Берлиннің өзінде мұндай шоуды жиі көрмейсің. Маған ерлердің әдемі әрі сәнді киімдері ұнады. Ал қазақ музыкасын өмірімде алғаш рет естідім.