Экстремистік әрекетке қатысы бар адамдарға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Тиісті Заң жобасын Мәжіліс депутаттары қабылдады. Құжатты бір топ депутат халықтың көші-қон туралы заңының және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірледі. Сонымен қатар балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге де елге кіруге шектеу қойылады. Тиісті құжатты заң жобасы төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және басқа түзетулерді көздейді.