Биотұз, дұрыс тамақтану бокстары мен смузи. Бұның бәрі жасыл өскіндерден қалдықсыз технология бойынша жасалады. Қарағандылық биолог - Арайлым Серікбай осы текті ағзаға пайдалы табиғи таза өнімдердің өрісін кеңейтуге ниетті. Жаратылыстану ғылымдарының PhD докторы озық өндіріспен бірге өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіруді де қатар алып жүр. Игі істің қамында былтыр ғылыми білім беру орталығын ашқан.
Арайлым
Серікбай, Жоба авторы, PHD доктор:
- Жалпы біздің
өнімдер қалдықсыз технологияларды дамытатын экологиялық таза өнімдер. Жалпы
мақсатымыз жастар, жасөспірімдер, оқушылар мен студенттер үшін білім мен
ғылымды ұштастыру арқылы экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениетті
қалыптастыру, агробілімді қалыптастыру. Соның нәтижесінде қазіргі таңдағы
ғылыми білім беру орталығын үлкен мектепке айналдыру.
Арайлым Серікбай енді бұл жобасын жаһандық деңгейде дамыту мүмкіндігіне ие. Инновация мен цифрландыру бағытындағы озық 10 қазақстандық бастама «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік байқауына ұсынылады. Халықаралық ұйымның елдегі өкілдігі мен NURIS Инновациялық кластері бірлесіп үздік жобаларды іріктеді. Барлығы отандық іскер нәзік жандылардан 85 өтінім келіп түскен.
Дина Амришева, Қазақстандағы
«БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесі басшысының м. а.:
- Бұл жобалар әрі
қарай өңірлік деңгейде қаралатын болады. Ыстамбұлда үздіктері өз жобаларын
танысытырады. «БҰҰ-әйелдер» құрылымы бұл қатысушыларға да барынша қолдау
көрсетеді. Оларға енді халықаралық инвесторлармен кездесуіне мүмкіндік туады.
Сондай-ақ, төл өнімдері мен қызметтерін ұсына алатын өңірлік және жаһандық
алаңдар жайында көбірек білетін болады.
Біз үшін ұсынатын жобалардың әлеуметтік мәселелерді шешуге, гендрлік
теңдікті ілгерілету және әйелдердің құқықтары мен мүделерін кеңейтуге
бағдарланғаны маңызды.