Педагогтарды аттестаттау тәртібі өзгереді

Педагогтарды аттестаттау тәртібі өзгереді

Қазақстанда педагогтердің аттестациядан өту тәртібі өзгереді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Елімізде енді 30 жылдық қажырлы еңбегі және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар мұғалімдер біліктілік тестілеуден босатылуы мүмкін. Оларға аттестацияның тек екінші кезеңінен өтіп, яғни портфолио тапсыру ұсынылды. Сондай-ақ тиісті ведомствода зейнетке шығуына 4 жыл қалған ұстаздарды да тестілеуден босату ұсынылып отыр. Егер педагогтар біліктілік санатын арттырғысы келсе, аттестациядан жалпы негізде өте алады. Сондай-ақ екінші кезеңге де бірқатар өзгерістер енгізілмек. Құжаттар санын айтарлықтай қысқартып, әр мұғалім үшін маңызды ақпараты бар электрондық портфолио құру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер «педагог-тағылымгер» атты уақытша біліктілігін алып, бір жылға жұмысқа қабылданады.