Павлодар облысында сақ дәуірінің сирек жәдігерлері
табылды. Бұл - екі қола пышақ. Зерттеушілердің айтуынша, олар аймақта табылған
осы металдан жасалған ең көне бұйымдардың бірі. Белгілі болғандай, қанжарлар
ежелгі технология бойынша құйылған.
Асқар Әбілдин, Марғұлан университеті Археологиялық
зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:
– Осы жәдігерлерге қарап, осы өңірде сол ерте темір дәуір
кезіңде мына мыс қорыту жұмыстар жүргізілгенін. Сол уақытта ерекше сол
металлмен жұмыс жасай алатытн кезенін ашық айта аламыз.
Сондай-ақ,
Марғұлан университетінің студенттері жазғы дала практикасы кезінде Торайғыр
көлінің маңындағы қорғандардан Тасмола мәдениеті өкілдерінің қалдықтарын тапты.
Олар жерленген адамның жынысын, жасын және антропологиялық сипаттамаларын
анықтай алды.
Ділда Сәдуақасова, студент:
- Тал жәшіктегі адам сүйегі эмбрион қалпында жатқан
болатын. Бірінші қабат топырағында сақ дәүіріне жататын адам сүйегі табылды.
Және екінші топықрақтың қабатынан андрон мәдениетіне тән ежелгі адам сүйктері
табылған болатын. Осы қазба жұмыстарында біз екі мәдениеттің ұштастырғаның
көреміз.
Елена Тушева, Археологиялық қорлардың бас сақтаушысы:
- «Бұл - бірегей олжа. Бұған дейін Павлодар облысының аумағында онға жуық осындай зат табылған. Олар осы өңірдің тарихын, солтүстік-батыс Сары-Арқа мен Павлдодарға тиеслі Ертіс өңірі аумағында металлургияның қалай дамығаны туралы ақпарат береді».
Айта
кетейік, Марғұлан университеті Баянауыл аумағында 10 жылдан астам зерттеу
жүргізіп келеді. Мамандар табылған заттар Орталық
Азия даласындағы мәдени сабақтастықты көрсетеді
дейді.

