Павлодар облысы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «қызыл» аймақтан шықты. Мұндай деректерді Ұлттық денсаулық сақтау орталығы келтірді. Аймақ қазір қауіптіліктің «сары» деңгейінде.
Өткен тәулікте өңірде 73 адамда COVID-19 вирусы анықталды. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру аймақта бір ай бойы жүргізілген қатаң шектеулердің арқасында мүмкін болды. Бұған дейін облыста бірден бірнеше облыс орталықтары мен ауылдарда карантин жарияланған болатын.
Сонымен қатар, Павлодар қаласының барлық мектептері қашықтан оқу форматына толықтай көшті. Облыста инфекцияны жұқтырғандардың жалпы саны 7734 адамға жетті.