2023 жылға дейін Қазақстан толық цифрлық телерадио эфир таратуға көшеді

2023 жылға дейін еліміздің барлық өңірінде цифрлық телерадио хабарлары таратылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров мәлімдеді. Оның дерегінше, бүгінде сандық эфирмен ел халқының 90% астамы қамтылған. Яғни, қазір бұл тың үрдіс 11 аймақта жүзеге асырылған.  Ал, қалған  6 өңірді алдағы жылға дейін толық көшіру жоспарланып отыр. Осы мақсатта биыл Шығыс Қазақстанда 6 радиотелевизиялық станция пайдалануға беріледі. Нәтижесінде аймақтық және республикалық маңызы бар қалаларда  30,  ал облыс орталығынан тыс елді мекендерде 15-ке дейін телеарнаны трансляциялауға мүмкіндік болады. Министр бұл орайда отандық телеөнімдерге жергілікті аудиториямен қатар шетелдіктер тарапынан қызығушылық артып келетінін тиілге тиек етті.    

Асқар Омаров,  ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– 2021 жылы 166 телеарнаның ТОП-10-на 6 қазақстандық телеарна, оның ішінде 3 мемлекеттік телеарна кірді. Соңғы 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсірілді. Олардың 50-ден астамы Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және тағы басқа елдерге сатылды.

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов