Паэлья. Неліктен оны «испан палауы» деп атайды?

Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хорхе Урбиола мен Астанадағы Испания елшілігі әкімшілігінің басшысы Хавьер Помарета – «Talk & Cook» шоуында қонақта! Бағдарлама меймандары жүргізушілермен бірге екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды сөз етеді. Елші мырза Қазақстан мен Испанияның бірлескен инвестициялық және мәдени жобалары туралы әңгімелейді. Сонымен бірге дипломаттар көрерменді испан ұлттық тағамдарының таңғажайып сыры мен бай асханасымен таныстырады. Солардың бірі ретінде паэлья тағамы әзірленеді. Испания елшісі бұл тағамды дайындаудың және оның шығу тегінің құпияларын ашады.