«Ас үйдегі сұхбат» бағдарламасының төртінші шығарылымының қонақтары швейцариялық инвесторлар Кристиан Рей де Руддер мен Ксавье Рей. Бірнеше жылдан бері Қазақстан-Швейцария жобаларын инвестициялап келе жатқан бизнесмендер бізді деликатестің жаңа түрі – бизон етімен таныстырады! Қазіргі уақытта бастамасын іске асырған жоба бұл жануарларды Қазақстанда өсіруге және бизон етін өндіруге мүмкіндік береді.