Албан асханасымен танысу

ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла мен оның жұбайы Бедрие Сыла - «Talk & Cook» шоуының қонағы болмақ! Бағдарлама меймандары ДДСҰ-ның ел ішінде жүргізіп отырған бастамалары мен бірлескен жобалары жайында айтады. Сондай-ақ пайдалы тағамдарды тұтыну мен ас әзірлеудің маңызына тоқталады. Қонақтар ұлттық албан тағамдарының ерекшеліктері және оның Қазақстанның дәстүрлі тағамдарымен ұқсастығы туралы әңгімелейді.