Қазақстандағы Индонезия
елшілігінің мәдени-әлеуметтік істер жөніндегі атташесі Джунис Дуана Сирайт пен
индонезиялық елшіліктің бас аспазы Будиати ханым «Talk & Cook» бағдарламасында
қонақта. Осы шығарылымда көрермендер индонезиялық тағам түрлерімен танысады, әрі
индонезиялық дипломаттардың қазақтың қандай ұлттық тағамдарын ұнататынын біле
алады. Сонымен қатар, меймандар екі ел арасындағы туризм мен білім беру
саласындағы ынтымақтастықты талқылайды.