Өзбекстанда жүрек ауруларын емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп жатыр

Өзбекстанда жүрек ауруларын емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп жатыр

Өзбекстанда науқастарды инновациялық емдеу әдістері белсенді жүргізіліп жатыр. Ташкенттегі хирургияның республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығында соңғы жылдары 200-ден астам заманауи тәжірибе енгізілді. Қазір дәрігерлер операцияның тағы бір жоғарғы технологиялық түрін игеруде. Қытайлық мамандар әзірлеген ПАН-процедура туа біткен жүрек ақауларын заманауи әдіспен емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол ағзаға мейлінше қауіпсіз.


Санджар Бабаджанов, Хирургия орталығы Интервенциялық кардиология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, Өзбекстан:


- Интервенциялық әдістер рентген-бақылаумен жүргізіледі. Әрине, технология аса бір үлкен жарақат салмайды. Кесуді, анестезияны қажет етпейді. Дегенмен, рентген сәулесінің әсері болуы мүмкін. Ол келешекте радиациялық аурудың дамуымен асқына түседі. Бұл технология рентген сәулесін қолдануды қажет етпейді. Демек, пациентке де, интервенциялық зертханада тәулік бойы жұмыс істейтін қызметкерлерге де рентген сәулесінің әсері болмайды.


Инновациялық әдіс аймақтық ғылыми симпозиумда талқыланды. Қазақстан, Ресей, Түркия және Түрікменстанның жетекші кардиологтары ПАН-процедураны қолданған кездегі нәтижелермен бөлісті. Ал, қытай мамандары туа біткен жүрек ақауларын емдеу үшін осы әдісті қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.


Серік Әлімбаев, Ұлттық ғылыми кадиохирургиялық орталықтың дәрігер-интервенциялық кардиологы, Қазақстан:


- Интервенциялық әдіс кезінде операция кесусіз жасалады. Жүректі тоқтатудың, кеуде қуысын ашудың қажеті жоқ. Операция тамырлар арқылы жүзеге асырылады. Демек, кесусіз және ең бастысы - жұмыс істеп тұрған жүрекке жасалады. Әрине, пациентті оңалту жұмыстары да өте қысқа уақытты алады. Операциядан кейін емделуші бір немесе екі күннен кейін үйіне жіберіледі.

Өзбек сарапшылары жинақталған тәжірибе денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді деп отыр. Сондай-ақ, өңірде сапалы және қауіпсіз жүрек емдеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?