Еуропа мен АҚШ-та коронавирустық инфекциялардың қосылысы тіркелді. Мұнда омикрон және дельта штамдарының комбинациясы байқалған. Вирустың бұл нұсқасы «дельтакрон» атауын алды. «Бүгінде бірнеше жағдай ғана тіркелді, десе де жаңа штамм қазірдің өзінде алаңдаушылық тудыруда», – дейді дәрігерлер. Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша, дельтакрон омикрон сияқты жұқпалы және дельта сияқты ауыр түрде өтуі мүмкін. Осылайша пандемияның келесі толқынында коронавирустың аталмыш нұсқасы басым болады деп болжанып отыр.