Өзбекстанда Eco Expo Central Asia Халықаралық көрмесі өтті

Өзбекстанда Eco Expo Central Asia Халықаралық көрмесі өтті

Ташкентте Қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономика жылына орай Eco Expo Central Asia халықаралық көрмесі өтті. Жиын әлемнің 30-дан астам елінен келген тәжірибелі сарапшылар, жетекші компаниялар мен мемлекеттік және халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосты. Дәстүрлі шара «жасыл» трансформацияның, климаттық тұрақтылық пен ресурстарды үнемдеудің негізгі бағыттарын талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасып, озық экологиялық жобалар қорғалатын маңызды диалог алаңына айналды. Сондай-ақ, жиында Арал өңірінің орнықты дамуына, өлкеде «жасыл» құрылыс жобаларын қолға алу және экологиялық бағыттағы бастамаларға жастарды тартуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар «жасыл» энергетика саласындағы озық шешімдер, су ресурстарын басқару және қалдықтарды өңдеудеге қатысты инновациялар мен жасанды интеллектке негізделген заманауи технологияларды ұсынды. Ұйымдастырушылар Eco Expo көрмесіне қатысу жаңа нарықтарға жол ашады және стратегиялық серіктестікті нығайтуға тың серпін беретінін айтады.


Вячеслав Ши-Сян, Мемлекеттік экологиялық сараптама орталығы бас директорының орынбасары:


- «Бүгінде Өзбекстан экология, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ климаттың өзгеруі бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бұл бағытта еуропалық стандарттарға сәйкес халықаралық институттармен бір қатарда келе жатырмыз деп батыл айтуға болады. Экология мәселесіне жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы биыл экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама қабылдады».


Стелла Сын Ен Ли, Өзбекстандағы Жаһандық жасыл өсу институты өңірлік офисінің басшысы:

- Біз Өзбекстанның өңірдің «жасыл» даму тұжырымдамасын қабылдағанын жоғары бағалаймыз. Сәйкесінше, осы бастаманы қолдай отырып, елдегі «жасыл» климаттық іс-қимылдарды жандандыруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?