Қазақстанда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 12 жаңа жағдайы анықталды. Науқастар Алматы қаласында, елордада және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Қазіргі уақытта 2 мыңнан аса адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 212 пациент стационарда ем қабылдауда. 9 млн 198 мыңнан көп қазақстандық вакцинаның қос компонентімен иммундалған. Ревакциналаумен қамтылғандар қатары 3 млн 502 мыңнан асты.