Маймыл шешегінің әлемде таралу қаупі күшейді. Әсіресе, инфекцияны осал топтағы адамдар, жүкті әйелдер, иммунитеті төмен науқастар және балалар арасында жұқтыру ықтималдылығы жоғары. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Ұйымның Төтенше комитеті әзірге халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жарияламай отыр. Бүгінгі таңда Еуропаның 28 елінде ауру жұқтырудың 2600-ден астам дерегі расталған.