Отандық фильм францияда кинофестивальдің гран-приін жеңіп алды

Отандық фильм францияда кинофестивальдің гран-приін жеңіп алды

Қазақстандық «Штурм» фильмі Францияның криминалдық кино фестивалінің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл режиссер Әділхан Ержановтың қоржынындағы 12-ші картина.

Таспаның сюжеті бойынша бетперде киген қарақшылар ойдан шығарылған Қаратас ауылының мектебін басып алады. Ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция елді мекенге жете алмайды. Тығырықтан шығу жолын іздеген мектеп мұғалімі оқушылардың ата-аналарының басын біріктіріп, «шабуыл» тобын құруға мәжбүр болады.  Айта кетейік, кинофестивальде «Штурм» картинасы «кино сыншыларының» атынан тағы бір беделді сыйлыққа ие болды.

 

Автор: Ақзер Сегізбай