5 маусымда өтетін референдумға 400 мыңға жуық мүгедектігі бар азамат қатыса алады. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясының алаңында қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін дауыс беруге арналған учаскелерде ыңғайлы жағдай жасау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы кедергісіз дауыс беруіне қатысты мәселелер талқыланды.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:
– Кейбір мүгедектігі бар адамдар жексенбі күні арнайы такси оларды алып жүрсе деген өтініш қалдырды. Бірақ бұл барлық аудандарда мүмкін емес екенін білеміз. Референдум жексенбі күнге жоспарланып отырған соң, жағдай жасалу керек деп санаймын.