Art Talk: Бурабайда суретшілердің халықаралық жиыны өтіп жатыр

Art Talk: Бурабайда суретшілердің халықаралық жиыны өтіп жатыр

Қазақстан тарихын тереңінен түсініп, сұлу табиғатын кенеп бетіндегі бояумен жеткізу. Елімізде жылда өткізілетін «Art talk» халықаралық шараның мақсаты осындай. Қазақстан, АҚШ, Корея, Монғолия, Өзбекстан елдерінің қылқалам шеберлері Бурабай баурайында бас қосып, шеберлік алмаспақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, суретшілердің салған туындылары арнайы көрмеге қойылып, Ұлттық музей қорына өткізіледі.

Назгүл Қадірімбетова, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары:

– 7 күн осы Боровое курорттық зонасында ең тамаша керемет жерлермен экскурсия арқылы танысады, өздеріне локация таңдайды. Және де осы плэнер кезінде 7 күн өзінің туындыларын салады Қазақстанға арналған.  Және бұл жобаның тағы бір кереметтілігі – 21-не қорытынды көрме ұлттық музейдің төрінде ұйымдастырылады. Ал осы салынған туындылары Ұлттық музей қорына өткізіледі.

Джу Гён, суретші-инсталлятор:

– Инсталяция жасау үшін мен түрлі заттарды қолданамын. Мәселен, шынжыр, арқан, жібек және болттан ерекше туынды жасаймын. Мен 6 жылдан бері осы салада жүрмін. Жуырда Кореяның дәстүрлі қағазын пайдаланатын болдым. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұндағы табиғат, мәдениет пен тағамын байланыстыра отыра, инсталяция жасауды жоспарлап отырмын.