Ұлыбритания коронавирустың Омикрон штамына қарсы әлемдегі алғашқы бивалентті вакцинаны мақұлдады. Екпе инфекцияға қарсы иммундаудан өткендерді қорғау мақсатында дайындалған. Препаратты Moderna компаниясы әзірлеген. Екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі Омикроннан қорғайды. Сондай-ақ бұл препаратты ревакциналау үшін де қолдануға болады. Сын-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. Препарат сондай-ақ, «омикронның» бірнеше кіші түрінен қорғайды.