Каспий және Арал бассейндерінің экожүйесін сақтау, өңірдегі су тасқынының зардаптарын барынша азайту. Осы мәселелерді шешу мақсатында Қазақстанда арнайы халықаралық қор құрылды. Оның негізін қалаушы Жанболат Надыровтың айтуынша, Ұйымның міндеттері Мемлекет басшысының су мәселесіне ерекше көңіл бөлуге шақыруымен үндеседі. Сонымен қатар Бакуде өткен «СПЕКА» форумында Қасым-Жомарт Тоқаев елдерді климаттың өзгеруі, экология мәселелерін бірлесіп шешу және трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару үшін бірігуді ұсынды. Жиында Мемлекет басшысы туындаған түйіткілді мәселелерді өзара күш біріктіру арқылы ғана шешуге болады деп атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мысал ретінде Арал қасіретін келтірді. Расында да, бүгінде бұл су қоймасының құрғау салдары аймақ елдерінде ғана емес, оның шегінен тыс жерлерде де сезіліп отыр. Өз кезегінде Қор су мәселесімен күресуді шағын ғылыми-зерттеу және инженерлік жобалардан бастау керек дейді. Соның бірі – Есіл мен Ертіс өзендерін игеру. Халықаралық ұйымның бастамасымен өткен жылдың күзінде Қазақстанда су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен осы бағытта бірлесекен ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жанболат Надыров, Каспий-Арал
бассейні экожүйесін қайта жаңғырту және су тасқынын басқару халықаралық қорының
негізін қалаушы:
- Есіл өзенінің
төменгі ағысын игеру біз үшін өте маңызды. Онда көптеген бері қордаланған
экологиялық мәселелерді шешу керек. Бұл бұрынғы Торғай өңірінің аумақтарын
дамытуға көмектеседі. Оған қазіргі Қостанай облысының оңтүстігі, Ақтөбе
облысының оңтүстік бөлігі, Ұлытау облысының батыс бөлігі және Қызылорда облысы
кіреді. Болашақта Шалқар Теңіз өзені
толған соң, су одан әрі Аралға құяды. Ол
жерде де ескі өзеннің арнасы бар.
Біз жүргізген кешенді экспедицияның барысында осының бәрін тексердік.
Бұл жаһандық мәселені шешу үшін жсалған алғашқы қадамдардың бірі ғана.