Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арамшөптен биопакет жасап шығарды. Тың жобаға Асия Теджен мен Ернар Өмірзақ мектеп айналасындағы шөптерді пайдаланған. Материалдың сырт келбеті пастилаға ұқсас және бір килограмға дейінгі салмаққа төтеп бере алады. Оқушылар тіпті пакеттерді көптеп шығаратын қондырғының прототипін де әзірледі. Енді жас ғалымдар онымен жаппай нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
Асия Теджен, Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:
- Бір пакетті жасау үшін 30 минут уақыт кетеді. Біз бұл идеяны жаздан бастап ойлағанбыз, 3-4 айдың ішінде жүзеге асырдық. Қазіргі таңда пластик өте өзекті және әлі де шешілген жоқ. Біздің полимеріміз тез ыдырайды, 36 жыл ішінде толықтай қара шірікке айналып кетіп, топырақтың құнарлығын арттырады. Полиэтилен өнімдеріне керемет балама болып табылады. Осы қыста өнертабысымызды патенттеуді жоспарлап отырмыз.