Қазақстанда 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау үрдісі жалғасып жатыр. Еліміздің білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше бүгінге дейін 285 мың өтініш түскен.
Ведомстваның болжамынша жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Оқу ордасын таңдау мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі 1 сәуірден 1 тамызға дейін, яғни бір айға ұзартылды. Бұған дейін қажет құжаттар 1 маусымнан 30 тамызға дейін тапсырылуы тиіс болатын. Бұл сыныптарды жабдықтап, оқушыларды қарсы алуға ерте қамдану үшін қолға алынған. Ал 10 тамыздан даярлық топтары жұмысын бастайды.