Енді, «қызыл» мәртебесі бар азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзып, қоғамдық орындарда жүргені үшін айыппұл төлейді. Олар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Бұл туралы еліміздің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Егер азамат өзінің мәртебесі туралы біле тұра, оқшаулану режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады»,– делінген хабарламада.
Ереже 2021 жылы 10 маусымда күшіне енеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әкімшілік айыппұлдар коронавирустық инфекция сияқты қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын бақылауға алуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.