Ауғанстанға гуманитарлық миссияға аттанған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Ауғанстанға гуманитарлық миссияға аттанған қазақстандық дәрігерлер елге оралды

Ауғанстанға гуманитарлық миссияға аттанған қазақстандық дәрігерлер елге оралды. Елордалық әуежайда оларды әріптестері, туыстары мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Еске салайық, қараша айының басында Ауғанстанда жойқын  жер сілкінісі орын алды. Қазақстан Президенттің тапсырмасымен еліміздің үш  медициналық орталығының үздік мамандарынан арнайы бригада жасақталды.  Оның құрамына анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар мен өзге де шұғыл медициналық көмек дәрігерлерінен тұратын 15 білікті маман енді. Олар апат болған аймақта 40-тан астам күрделі ота жасап, жараланған жандарға шұғыл кәсіби көмек көрсетті. Қазақстандық дәрігерлер өздерімен бірге озық үлгідегі жабдықтар мен барлық керек-жарақтарын ала барғанын айта кету керек. Бұған қоса, олар жергілікті әріптестерін оқытып, біліктіліктерін арттыруға септесті. Ауғанстанға Қазақстаннан дәрігерлермен бірге дәрі-дәрмек, шатырлар сынды қажетті заттар тиелген 18 тонна гумманитарлық жүк жеткізілді.  

Олжас Бекарысов, Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры:

- Біз өзімізбен бірге Елизаров аппаратын алып барды. Дәл осы құрылғының көмегімен жараланған жандарға шұғыл оталар жасалды. Себебі жарақаттан кейінгі көптеген инфекциялық асқынулар болады. Біз сондай-ақ жергілікті әріптестерімізді оқыттық. Ауған дәрігерлерін оқыту бойынша бірқатар келісім бар. Біз, оларды біліктіліктерін арттыру үшін Қазақстанға шақырдық. 


Рустам Сәлімов гумманитарлық миссияның ең жас маманы. Дейтұра, Ұлттық медицинаны үйлестіру орталығының урологы шектеулі ресурстар жағдайында жоғары кәсіби біліктілігін танытып, аса күрделі нефрэктомия отасын сәтті жасап шықты.

Рустам Сәлімов, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігер-урологы:

- Бірінші кезекте шұғыл медициналық көмекті қажет ететін зәр шығару жүйесінің жарақаттарымен түскен науқастар да болды. Олар дереу ота жасауды талап етті. Алайда, бұл аса ауыр операцияға қажетті медициналық жабдықтар жетіспеушілігіне тап болдық. Осындай күрделі жағдайда  пациенттерді емдеудің басқа жолын іздеуге мәжбүр болдық. Дей тұра осындай төтенше жағдайда қажетті медициналық шұғыл көмектің бәрін одағыдай жасап шықтық.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?