Елордада коронавирус инфекциясына қарсы енгізілген шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл вирусты жұқтырғандар санының азаюы мен қаланың «жасыл» аймаққа өтуіне орай болды. Қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева қол қойды. Құжатқа сәйкес, бұдан былай қашықта жиындар өткізу және жүкті қызметкерлер мен қарсы көрсетілімдері бар адамдарды онлайн жұмыс режиміне ауыстыру талап етілмейді. Алайда, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, адам көп жиналатын жерлерге барғанда, топпен, қоғамдық көлікте жүргенде бетперде тағу абзал.
Әкімдікке коронавирусқа қарсы уақтылы егу және ревакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.