Өткен тәулікте тағы 468 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 153 503 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 1003 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 169 099.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы 20020
Алматы қаласы 20444
Шымкент қаласы 5726
Ақмола облысы 8341
Ақтөбе облысы 3819
Алматы облысы 8192
Атырау облысы 14952
Шығыс Қазақстан облысы 19548
Жамбыл облысы 5271
Батыс Қазақстан облысы 9935
Қарағанды облысы 12782
Қостанай облысы 8671
Қызылорда облысы 3488
Маңғыстау облысы 3886
Павлодар облысы 10573
Солтүстік Қазақстан облысы 9562
Түркістан облысы 3889
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 46 848, 540 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34613 жетті.