Әлемдегі ең қонақжай елдердің жаңартылған жаһандық тізімінде еліміз 56-орында. Осылайша, Қазақстанға 37 елдің азаматтары визасыз келе алса, 51 мемлекет әуежайда рұқсат ала алады. 2023 жылы туристер үшін ең қолайлы елдер тізіміне жоғары бағаға ие болған бірнеше республика енді. Әлемнің 198 елінің азаматтарына жеңілдетілген келу тәртібін ұсынатын 20-дан астам мемлекет классификацияда көшбасшы атанды. Олардың арасында Мальдив аралдары, Габон, Эфиопия, Микронезия, Сомали, Руанда және Самоа бар. Рейтингі Түркіменстан, Ауғанстан мен Солтүстік Корея түйіндеп тұр – бұл елдерге визасыз кіруге рұқсат жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан өз азаматтары үшін Еуропадағы визасыз кеңістікті кеңейтуді қарастыруда. Өткен жылы Албания, Андорра, Сербия елдерімен рұқсат ету қағаздарынан өзара босату, сондай-ақ Черногория мемлекетіне маусымдық визасыз режим туралы келісімдерге қол қойылды.