Шотландияда қазақтың дала сазы әуеледі. Қазақстандық EEGERU заманауи музыка ансамблі «Edinburgh Fringe» атты әлемдегі ірі өнер фестивальдерінің біріне қатысты. Концерттік бағдарламада өнерпаздар отандық сазгерлер Қуат Шілдебаев пен Артық Тоқсанбайдың ұлттық нақышқа қанық шығармаларын орындады. Сондай-ақ олар әйгілі шетелдік композитордың туындыларын да тамылжыта ойнап берді. Клэр Джонстонның Алматыға арнап ансамбль үшін жазған жаңа шығармасы да шырқалды. Айта кетейік, дәстүрлі мәдени іс-шара жыл сайын екі млн жуық көрермен жинайды. Фестиваль тамыз айында үш апта бойы Эдинбургтің түрлі нүктелерінде өтеді.