Мобильді қосымша арқылы жаңа мекенжайға тіркеуге тұруға болады

Мобильді қосымшаны Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті, Әділет министрлігі және Цифрлық даму министрлігі елдегі банктердің бірімен бірлесіп жасап шығарды. Тіркелу кезінде тек жеке сәйкестендіру нөміріңізді енгізу жеткілікті. ІІМ өкілдері атап өткендей, департамент тарапынан көрсетілетін қызметтерді смартфондандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын болдырмауға, ашықтық пен тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару және басқа да көптеген сұранысқа ие қызметтер мобильді қосымшада қолжетімді.

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ өкілі:

- Енді сіз осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз немесе уақытша тұратын жеріңіз бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдей аласыз. Қызмет өзіңізді балаларыңызды, пәтеріңіздегі ьасқа адамдарды тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға мүмкіндік береді. Егер сіз біреудің үйіне тіркелгіңіз келсе,  онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды. Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті. Ал аты-жөні мен мекенжай автоматты түрде көрсетіледі. Тіркелу кезінде фотосәйкестендіруден өту керек. Бұл сіздің атыңыздан аталмыш қызметті бөгде ешкімнің пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.