Биыл Қазақстан экономикасы 4% өседі. Еуразиялық даму банкінің болжамы осындай.
Сарапшылардың пікірінше, карантиндік шектеулердің жеңілдетілуі, үкіметтің қаржылық саясатының жалғасуы және мемлекеттен кәсіпкерлерге берілетін қолдау елдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне әсер етеді. Сонымен қатар мамандардың айтуынша, биыл әлем экономикасы да біршама оңалып, өсім 6% жетуі мүмкін. Алайда қуат көздері мен азық-түліктің қымбаттауы инфляцияға әкелуі мүмкін.
Николай Подгузов, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы:
- Осы мәліметтердің барлығы Қазақстандағы экономикалық көрсеткіштердің динамикасы үшін белгілі бір ландшафт жасайды. Қазақстанда экономика өсімінің қалпына келу қарқыны да маңызды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі шамамен 4% болады деп болжап отырмыз. Дегенмен инфляция деңгейі өсуі мүмкін деген қауіп бар. Әлемде азық-түлік қымбатшылығы сәл бәсеңдей бастағандықтан, Қазақстан Орталық банкінің 9% есептік мөлшерлемесі экономикалық өсімнің қарқыны мен инфляциялық қауіп арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.