Қасым-Жомарт Тоқаев Будапеште Мажарстан Премьер-Министрі Виктор
Орбанмен келіссөз жүргізді.
Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық
ықпалдастықты атады. Өз кезегінде
Виктор Орбан қазақ-мажар қатынастарының орнықты сипат алғанын айтты.
Әсіресе, экономика саласында белсенді дамып
келеді. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200
миллион долларға жетті, осы жылдың алғашқы тоқсанында тауар айналым 37 пайызға
өсті. Қазір екі ел машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика саласында
16 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Олардың құны 700 миллион
долларға жуықтайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы қызметінің барлық басым бағыты бойынша
сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.

