Мемлекет
басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді. Онда энергетика
ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында
қалыптасқан ахуал қаралды. Президент Үкімет пен жергілікті
атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Жұмыс қаржы-экономикалық
дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді
көздейді. Қасым-Жомарт Тоқаев
экономиканы
дамыту бойынша өзі жариялаған
басымдықтар, оның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, ауыл шаруашылығы мен
көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

