Бұл туралы мемлекет басшысы аграрлық бизнес өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық саладағы бірқатар түйткілді мәселені ашық талқылау аясында қарастыруды және Үкіметке салаға мұқият талдау жүргізуді тапсырды. Жиын барысында өндірісті әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу және жаңа агроөнімдерді өндіру, қант саласын дамыту, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, жер және су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 9,1 пайызды құраған.