Қазақстанда өткен референдум нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түседі. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде осылай деді. Ресми қабылдау барысында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Оның қатарында инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту және қаржы секторы салалары бар. Сондай-ақ әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері де қаралды. Одиль Рено-Бассо республика экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы өз көзқарасын білдірді.