«Astana
Hub» - инновациялық технологиялар орталығы, Орта Азиядағы ең ірі технопарктердің
бірі. 2024-жылдың қорытындысы бойынша орталықтың резиденттерінен түсетін табыс
450 млн доллардан асуы мүмкін. Соның үштен бірін экспорт табысы құрайды. Бұл
қазіргі таңда Қазақстан қаржы технологиясы және электронды үкіметті дамыту
индексінде көшбасшылардың қатарында деген сөз. Бүгінгі бағдарлама барысында
«Astana Hub» идеясын ұсынған және оны жүзеге асырған Мағжан Мәдиев IT саласының
қыр-сыры мен жұмыс барысы жайында толығырақ айтып береді.

