The Pro Files-тың
кезекті кейіпкері – Ұлттық биотехнология орталығындағы адам генетикасы
зертханасының жетекшісі, 36 жасында ғылым кандидаты атанған - Мақсат Жабағин.
Азамат Орталық Азия
халқының ата тегінің қалыптасу тарихын, генетикалық генеалогияны және қылмыстық
істерді анықтауға көмектесетін ген мен медициналық генді зерттейді. Сондай-ақ,
өзі сияқты жас ғалымдарды қолдау мақсатында қоғамдық жұмыстармен де белсенді
айналысады.
Бүгінгі ғылымның
даму барысы қандай? Ұлттық биотехнология орталығындағы қызу жұмыстың мәні неде?
Ғылым ұлттық қауіпсіздікті сақтауға қалай көмектеседі? Осы
шығарылымда айтамыз.

