Қазақстанның төрт құбыласын 25 мың шаршы шақырым республикалық маңызы бар жол тоғыстырып отыр. Бәріміз оның қауіпсіз, жайлы әрі көрсетілетін қызметтің сапалы болғанын қалаймыз. Мұның бәріне жауап беретін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы.
Арнайы жобаның бұл жолғы кейіпкері: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы - Дархан Иманашев.
Жолға қатысты сын көп, дегенмен сол олқылықтар дер кезінде түзетіліп жатыр ма? Ақылы жолдан жиналған 45 млрд теңге қайда жұмсалды? Неге жол құрылысына келгенде: Қазақстан қарыз алады, бірақ шетелдіктер жұмыс істейді? Жалпы қаржыландыру жұмыстары қалай жүзеге асады?
Осы сұрақтардың жауабын бағдарламаның кезекті шығарылымынан біле аласыз.

