Татьяна Долбышева - полиция капитаны, жедел әрекет
ету арнайы жасағының қызметкері. Сондай-ақ, ол биыл Дубайда өткен халықаралық
арнайы жасақ чемпионатында еліміздің намысын қорғаған «Томирис» тобының мүшесі.
Ол полиция қызметіне кәсіби коньки тебу спортынан ауысып келген. Ал, қазір ол
жылдам жүгіру мен қатар құралайды көзбен атқан мерген. Оның өзге де
ерекшеліктері жайында бағдарлама барысында біле аласыздар.

