Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанына көктемгі сексеуіл егу жұмыстары басталды. Жердің ылғалы азаймай тұрып, 12 мың гектар жерге көшет егу жоспарланған. Ал күзде тұқым себіледі. Биыл 250 мың гектар жерді жасыл желекпен көмкеру көзделіп отыр. Бұл Президент тапсырмасы аясында қолға алынған ірі жоба. 2025 жылға дейін кенезесі кепкен айдынның құм мен тұз көтерілген табанына 1 миллион 100 мың гектар өсімдік өсіру керек. Егілген бір түп сексеуіл өсіп жетілгеннен кейін, 4 тонна құмның көшуіне тосқауыл болады.
Айбек Жолаханов, обл. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
– 2021 жылы 100 мың гектарға 250 мыңнан орман милерациялық жұмыстар жоспарланған. Былтыр 2021 жылы 100 мың гектарға жоспар орындалды. Орман шаруашылығы мекемелерінің өдерінің уақытша тұқымбақтарында дайындалып жатыр. Сол жерден алынған көшеттермен егіліп жатыр.
Мамандардың айтуынша, теңіздің құрғаған ұлтанын жасыл желекке айналдыру жұмыстары 2000 жылдан басталған. Содан бері құм көшіп жатқан 200 мыңдай гектар алқапқа сексеуіл егілген. Оның көлемі табиғи жетілудің нәтижесінде 400 мың гектарға жетіпті.