Қостанай өңірінің өнеркәсіп кәсіпорындары 2 трлн теңгенің өнімін өндірді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады. Қазір аймақта жалпы құны 337 млрд теңгенің 13 ірі инвестициялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Көлік инфроқұрылымын жетілдіруге де басымдық берілген. Биыл осы мақсатқа 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған. Былтырғыдан 40% артық. Жезқазған - Петропавл учаскесін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Қостанай - Мамлют жолы толық жаңарды. Екатеринбург - Алматы бағытындағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Елді мекендердің күре жолдарын жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. 103 ауылдағы 400 астам көшені жөндеуге 29 млрд теңге бағытталды. Президент инвестиция көлемін одан әрі арттыру, өнеркәсіп пен аграрлық секторды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңғырту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттілігіне назар аударды.
Құмар Ақсақалов,
Қостанай облысының әкімі:
- Осы жылдың
аяғына дейін 4 ірі зауыттың құрылысы бітіп, ашылатын болады. Біріншісі ол жаңа
автозауыт. Бір жарым мың адам жұмысқа тартылады бұл зауытқа. Екіншісі жүк
таситын көліктерге аврналған әртүрлі компоненттер жасайтын зауыт. Жеңіл
көліктерге автокомпоненттер жасайтын зауыттың да құрылысы бітіп қалады осы
жылдың аяғына дейін. Төртінші зауыт ол - ірі кондитерлік фабрика. Және 9 заманауи
сүт-тауарлы ферманың құрылысы жалғасуда. Біразы жылдың аяғына дейін бітіп
қалады. Жалпы Президент экономиканы одан әрі дамыту үшін бірнеше тапсырма
берді.

