The Pro Files-тың кезекті шығарылымында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қонақта.
Судың да сұрауы бар. Елімізде су мұнайдан да, газдан да, тіпті металлдан да бағалы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы жасаған жолдауында осылай деді. Сөйтіп министрлік құруды тапсырды. Ведомство министрі қызметіне сол кезде Жамбыл облысын басқарып отырған Нұржан Нұржігітов келді. Азамат су тапшылығы мәселесіне қанық адамдардың бірі еді. Осылайша саланы дамыту үшін Ислам даму банкінен миллиард доллар қаржы тартылды. Трансшекаралық аймақта өзендер бойынша көршілермен келіссөздер жүргізу сынды көптеген жұмыс атқарылды. Осының бәріне Су ресурстары және ирригация министрлігі жауапты.

