Бұрын Яндекс Қазақстан
компаниясының бастығы кім екені белгісіз болған еді. Тимур Шәлекенов - Яндекс
Қазақстан бас директоры қызметіне 2024 жылдың қарашасында келді. Бұған дейін ол
әлеуметтік әмиян жобасын басқарған. Жедел төлем жүйелері мен электронды қаржылық
қызметтерді әзірлеуге қатысқан. Ақтөбе қаласының тумасы. Қазақ ұлттық
техникалық университетінде оқып, байланысшы мамандығына ие болған.
Түйіндемесінде шетелдік бірнеше жоба бар. Дегенмен, қазіргі қызметіндегі басты
мақсаты - Яндексті шын мәнінде қазақстандық компанияға айналдыру.

