2024-жылы елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы бекітілді. Бұл мемлекет үшін медицина саласының маңызы зор екендігін көрсетті. Бүгінде Қазақстан азаматтары шетел аспай-ақ, заманауи үлгідегі медициналық технологияларды меңгеріп, әлемдік деңгейге көтерілген отандық дәрігерлерге қарала алады. Олардың көпшілігі «Ұлттық ғылыми медицина орталығында» жұмыс істейді. Танымал хирург, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері атағын тұңғыш алған Абай Байгенжин 25 жылдан бері осы ұйымды басқарып келеді.
Қазақстанда жас дәрігерлерді кім және қалай дайындайды? Неліктен ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартуда? Емдеу хаттамасында жазуға болмайтын ең басты нәрсе не?

