Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, тізімге зергерлік бұйымдар, IT және ойын жасау, мәдени мұра, телебағдарламалар, фото және дизайн, сәулет және сән, музыка, кино және анимация, сондай-ақ кейбір мәдени-демалыс мекемелері сияқты іс-шаралар кірді. Енді саладағы кәсіпорындар мемлекеттік қолдауға ие болады. Көмек көрсету шаралары биыл Үкіметтің қарауына ұсынылатын болады. Сонымен қатар шығармашылық индустрияны қолдаудың жеке корпоративтік қорын құру көзделген. Жалпы 2025 жылға қарай креативті индустрияның ел экономикасына қосатын үлесін 5%, шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 80 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда.